2025 жылы хит болған қазақша әндер белгілі болды

2025 жылы Қазақстанда жарық көріп, музыкалық платформалар мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралған қазақстандық әндер тыңдарман арасында ерекше сұранысқа ие болды. Spotify, YouTube, TikTok секілді платформалардағы қаралым мен тыңдалым санына сүйене отырып, биыл хитке айналған отандық әндердің тізімі жасалды.
Биылғы жылдың басты музыкалық трендтері поп, инди-поп және урбан бағыттағы әндермен ерекшеленді. Әсіресе жас орындаушылардың тың форматтағы туындылары көпшіліктің ықыласына бөленді.
2025 жылы көп тыңдалған әндер:
1. Darkhan Juzz – «Sheker»
Музыкалық платформаларда жоғары орындарды иеленіп, жыл бойы чарттардан түспеген трек. Әлеуметтік желілерде де кең тарады.
2. Dosekesh – «Taspa»
Урбан стильдегі бұл ән жастар арасында ерекше танымал болды. TikTok-та трендке айналып, тұрақты түрде хиттер қатарынан көрінді.
3. Akimmmich – «Umyttyñ ba?»
Лирикалық мазмұнымен тыңдарманның назарын аударған ән. Стриминг платформаларда ұзақ уақыт бойы сұраныста болды.
4. Sadraddin – «Aiga qarap», «Üige», «Aman bolşy süigenim»
Орындаушының бірнеше әні қатарынан трендке еніп, 2025 жылдың ең көп тыңдалған туындыларының қатарында болды.
5. Il’han – «Vals»
Ерекше әуенімен көзге түскен бұл ән де биылғы хиттер тізімінен орын алды.
2025 жыл қазақстандық музыка үшін жаңа есімдер мен тың бағыттардың жылына айналды. Отандық орындаушылардың әндері тек ел ішінде ғана емес, шетелдік тыңдарманға да жол таба бастады.



