Жаңалықтар
Балықшыларға қауіпсіздік ережелері ескертілді-ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қысқы балық аулау орындарында рейдтерді күшейтті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балықшылармен кездесіп, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Мамандар ауа температурасының жиі өзгеруіне байланысты мұздың әлсіреп, адам өміріне қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.
Облыс бойынша мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын бұзған 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі мұзға шыққанда өзіңізбен бірге ысқырық, құтқару кеудешесі, қайрақ, берік арқан және ұзындығы кемінде 2 метр таяқ алып жүруге кеңес береді.
Сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және көріну нашар кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.



