Жаңалықтар
Республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелді — ШҚО

Ауа райы қолайсыздығына байланысты,«ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс режиміне шектеу қойылғанын хабарлады.
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянка қаласы) учаскесінде сақталады, — делінген хабарламада.
Жүргізушілердің құлағына алтын сырға, жолға шыққандай абай болыңыз!



