Миф пен шындық: күнделікті өмірдегі қате түсініктер

Миф – бұл адамдар арасында кең тараған, бірақ дәлелденбеген немесе шындыққа толық сәйкес келмейтін түсінік. Күнделікті өмірде біз көптеген нәрсені ойланбастан шындық деп қабылдаймыз. Алайда кейбір кең тараған түсініктер ғылымға да, өмірлік тәжірибеге де сәйкес келе бермейді. Төменде адамдар жиі сенетін бес түрлі мифтің қаншалықты шынайы екенін қарастырамыз.
1-миф: Адамның небәрі бес сезім мүшесі бар
Көпшілігіміз көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сипап сезуді ғана білеміз. Бірақ адамда бұлардан бөлек те сезімдер бар.
Мысалы, тепе-теңдікті сақтау, қозғалысты сезу, ауырсынуды білу, дене қалпын сезу сияқты қабілеттер де сезімге жатады. Ғалымдардың айтуынша, адамда 20-дан астам сезім түрі бар.
2-миф: Солақай адамдар оңқайларға қарағанда шығармашыл болады
Кей адамдар солақайларды ерекше қабілетті деп ойлайды. Бірақ солақай болу мен шығармашылық арасында нақты ғылыми дәлелденген байланыс жоқ.
Шығармашылық – адамның қиялына, ойлауына және еңбегіне байланысты. Ол қай қолмен жазатынына тәуелді емес.
3-миф: Адам міндетті түрде күніне 8 сағат ұйықтауы керек
Ұйқы уақыты әр адамға әртүрлі. Біреуге 6–7 сағат жеткілікті болса, енді біреуге 8–9 сағат қажет. Ең бастысы – ұйқының ұзақтығы емес, сапасы.
4-миф: Суық тиюдің себебі тек суық ауаның кесірі
Аурудың басты себебі – вирустар. Суық ауа иммунитетті әлсіретуі мүмкін, бірақ ауруды өзі тудырмайды. Сондықтан адам жылы кезде де ауырып қалуы мүмкін.
5-миф: Кофе әрдайым денсаулыққа зиян
Кофені шамадан тыс ішсе, зиян болуы мүмкін. Ал мөлшермен ішілген кофе сергектік береді, зейінді арттырады, тіпті кей аурулардың алдын алуға көмектесуі мүмкін. Барлығы мөлшерге байланысты.
Мифтер – адамдар арасында тез тарайтын, бірақ әрдайым шындыққа сай бола бермейтін түсініктер. Сондықтан кез келген ақпаратты бірден тура қабылдамай, оны тексеріп, ой елегінен өткізу маңызды.



