Жаңалықтар

ШҚО-да біріңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұл нөмірге әртүрлі мәселелер бойынша қоңырау шалуға болады.

109 арқылы қоғамдық көліктің кешігуі, ашық құдықтар, жарық пен судың өшуі, инженерлік желілердегі ақаулар, тіпті қаңғыбас иттер туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Апаттық жағдайлар жөніндегі ақпарат тиісті коммуналдық қызметтерге жедел жеткізіледі.

Сонымен қатар 109 нөмірі арқылы анықтамалық ақпарат алуға болады. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің байланыс нөмірлері, жолдардың жабылуы, ауа райына қатысты ескертулер, сондай-ақ жарық пен су беру жұмыстары туралы мәлімет беріледі.

Орталыққа күніне шамамен 100 қоңырау түседі. Өткен жылы 32 мыңға жуық өтініш қабылданған.

Айта кетейік, 109 нөміріне қоңырау шалу тегін. Өтініштер WhatsApp (8 771 810 9109) және Instagram (@109.vko) арқылы да қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button