Жаңалықтар

Зайсан мен Марқакөлде казино салынуы мүмкін

Зайсан және Марқакөл аудандарында шетелдік туристерге арналған казино салу ұсынылды. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлімдеді.

Ұсыныс Туризм және спорт министрлігінде айтылды. Облыс әкімдігі бұл бастаманы қолдап отыр.
Жоспар бойынша, ойын аймақтары еліміздің заңнамасына сай жұмыс істейді және тек шетел азаматтарына ғана қызмет көрсетеді, яғни қазақстандықтарға казиноға кіруге тыйым салынбақ.

Казинолардың нақты қай жерде салынатынын жергілікті әкімдік шешеді. Нысандар жағалау маңында орналасуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, әр казино жылына бюджетке 2–3 млрд теңге салық түсіріп, шамамен 500 адамды жұмыспен қамти алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button