Жаңалықтар
Нарықта күтпеген өзгеріс: доллар 500 теңгеден төмен түсті

Қазақстандық қор биржасында доллар құны алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті.
KASE-дегі сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 499,65 теңгеге түсті. Бұл – валютаның бір күнде 3,98 теңгеге арзандауы. Сарапшылар үшін 500 теңгелік меженің төмендеуі символдық әрі нарықтағы көңіл-күйге әсер ететін маңызды белгі ретінде қарастырылады.
Ал Ұлттық банк 4 желтоқсанға арналған ресми бағамды 503,89 теңге деңгейінде белгілеген.



