Өскеменде түні бойы қар тазаланды

Өскеменде түнгі ауысым қаланы қалың қардан тазалап, таңертеңгі қозғалыстың қалыпты жүруін қамтамасыз етті.
Қар толассыз жауғаннан кейін Өскеменде түнгі ауысым көшелерді қардан тазалау жұмысына кірісті. Ауа райы қолайлы болып, жауын-шашын тоқтаған соң техника мен бригадалардың жұмысы жанданды.
Қала бойынша жолдар мен тротуарларды тазартуға қажет барлық арнайы көліктер жұмылдырылды. Сонымен қатар жұмысшылар күшейтілген құраммен шықты: олар жаяу жүргіншілер аймақтарын, аялдамаларды, тар көшелерді және қалалық инфрақұрылымның басқа бөліктерін тазалады.
Түн ішінде магистральдар, шағын көшелер және жаяу жүргіншілер жолдары қатар тазартылды. Таңға жуық қаланың негізгі бағыттары қалыпты қозғалысқа дайын болды.
Қала әкімдігі, шаһар тұрғындарының түсіністік танытуын сұрайды. Себебі облыс аумағында бірнеше күн бойы толассыз қар жауып тұр. Егер қандай да бір ұсыныс-тілектеріңіз болса немесе ақпарат алу үшін «Таза Өскемен» диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: 8 (7232) 53 25 77, 8 777 331 85 36



