Жаңалықтар
ШҚО-да жол қозғалысы уақытша шектеледі

Облыста 11–18 желтоқсан аралығында шекара операциясы өтеді. Бірқатар ауданда көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті шекара кеңістігінде заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Қалқан-2025» операциясын өткізеді.
Осыған байланысты Шемонаиха, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Марқакөл және Қатонқарағай аудандарындағы кейбір елді мекендерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тек ресми дереккөздерге сүйеніп, расталмаған ақпарат таратпау ескертіледі.
Одан бөлек, жеке куәлікті өзімен бірге алып жүру қажет.



