Жаңалықтар

Арсен Исмаилов: «Өскелең ұрпаққа үлгі іс жүзінде көрсетілуі тиіс»

Өскеменде «Таза Қазақстан» бағдарламасы және World Cleanup Day аясында экологиялық акция өтті. Шараға 700-ден астам адам қатысып, Тәуелсіздік монументі аумағына 250 көшет егілді.

Акцияға С.Аманжолов университетінің белсенді студенті әрі волонтер Арсен Исмаилов та қатысты. Оның айтуынша, мұндай шаралар тұрғындарды табиғатты қорғауға және қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.

«Мұндай акцияларға тұрғындардың белсенді қатысып жатқаны көңіл қуантады. Бүгін біз қаланы тазалап қана қоймай, 250 көшет отырғыздық. Бұл қоршаған ортаға деген жанашырлық, болашаққа деген инвестиция. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, тұрғындар күнделікті өмірде де шаһар тазалығына, табиғатқа  қамқорлықпен қарайтын еді. Өскелең ұрпаққа үлгі де осылай іс жүзінде көрсетілуі тиіс, —  дейді Арсен Исмаилов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button