Жаңалықтар

Комендантка көпірі қашан ашылады?

Өскемендегі Комендантка көпірі биыл көлік қозғалысы үшін ашылмайды. Қазір мұнда көпірді қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоба аясында көпірді толық реконструкциялау жоспарланған. Көпір алты жолаққа дейін кеңейтіледі. Әр бағытта үш жолақтан болады. Сонымен қатар екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылады.

Биыл жазда көпір астындағы аумақ қоршалып, төсем тастары алынып, жер қазу жұмыстары жүргізілді. Қазір аумақ тұрғындар үшін жабық.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобаның республикалық бюджет есебінен жүзеге асып жатқанын хабарлады.

Алайда биыл жобаны толық аяқтауға қажетті қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты жұмыстар келесі жылға жалғасады.

Бөлім өкілдерінің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін көпір көлік қозғалысы үшін ашылмайды. Көпірдің нақты қашан ашылатыны жұмыстардың аяқталуына және қаржыландыруға байланысты болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button