ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде бір күнде үш егіз дүниеге келді

Өскемендегі Ана мен бала орталығының перзентхана бөлімінде бір күнде үш егіз дүниеге келді.
Орталық қызметкерлерінің айтуынша, сәбилердің дүниеге келуіне дәрігерлер, акушерлер, неонатологтар мен медбикелер жұмыла атсалысты. Ақ халаттылардың кәсібилігі мен қамқорлығының арқасында алты сәби аман-есен дүниеге келген.
Қазір аналар мен балалардың жағдайы жақсы.



