Басты жаңалықЖаңалықтар

Катонқарағай ауылында «Баян» қонақ үйі қайта жаңғыртылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Shygyslife.

Отырыста туризм саласының дамуы жайлы айтылды. ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, 2025 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша өңірге келген туристер саны 365,5 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 %-ға көп.

— Өңірде туризм саласын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар жеке инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Алтай қаласында «Dostyk» қонақүй-мейрамхана кешенінің құрылысы аяқталып, Катонқарағай ауылында «Баян» қонақүйі қайта жаңғыртылды, — деді Ержан Сембинов.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов туризмді дамыту үшін ең алдымен туристік инфрақұрылымды жақсарту қажет екенін атап өтіп, жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button