Жаңалықтар
Өскеменде екі жәрмеңке өтеді

12 қыркүйек күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Тұрғындар ет, сүт, май, балық және балық өнімдерін, сондай-ақ құрт, ірімшік секілді азық-түліктерді сатып ала алады.
Жәрмеңке сағат 08:00-де екі жерде ұйымдастырылады:
- «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы, Жібек жолы көшесі, 44;
- «Дос-Нар» сауда орталығының маңы, Виноградова көшесі, 17а.
Саудада жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады.



