Басты жаңалықЖаңалықтар
Биыл Рамазан айы қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін жариялады.
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы елімізде 19 ақпанда басталады.
Рамазан айы биыл 29 күнге созылады. Ал Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт мерекесі жұма күні, 20 наурызда атап өтіледі.
ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде анықталғанын хабарлады. Сонымен қатар, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін екені ескертілді.



