Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да жаңа жылыжай салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасуда. Ұлан ауданында жаңа жылыжай кешенінің құрылысы басталды.

Жобаны «Донское агрокешені» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жылыжайда қызанақ пен қияр сияқты көкөністер өсіру жоспарланған. Кешеннің жылдық өндіріс қуаты – 250 тонна.

—Қазіргі таңда 1,5 гектар аумақта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазандық сатып алынып, жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Нысанды 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр,-деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Көшерова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button