Басты жаңалықЖаңалықтар

Әуежайда бизнес ашу жеңілдейді

Көлік министрлігі әуежайларда алаңдарды жалға беру ережелерін жаңартты. Енді сауда, қоғамдық тамақтандыру, багажды орау және басқа да қызметтер үшін конкурс өткізбей-ақ тікелей шарт жасауға болады.
Тікелей шарт кімдерге беріледі?
•компания кейінгі 3 жылдың кемінде 2 жылында шығынсыз жұмыс істеген болуы керек;
•жеткілікті техникасы мен ресурстары болуы тиіс;
•штатта кемінде 5 жылдық тәжірибесі бар 3 маман болуы қажет;
•тәулік бойы жұмыс істеуі керек;
•Қазақстан әуежайларында немесе Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ірі әуежайларында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Егер компания талаптардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмесе, шарт жалпы конкурс арқылы жасалады.
Шарттың қолданылу мерзімі:
•алғашқы шарт — 10 жылға дейін;
•кейін әрқайсысы 5 жылдан екі рет ұзарту мүмкіндігі бар, жалпы мерзімі — 20 жылға дейін.
Сондай-ақ конкурстарға қойылатын талаптар нақтыланды: қаржылық талаптар, инвестициялық міндеттемелер, өтінім беру мерзімі — 15 күн, сондай-ақ бас тартуға негіз болатын себептердің нақты тізімі белгіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button