Жаңалықтар

Коуч болам десеңіз

Енді коуч болу үшін ресми тіркелу қажет. Бұл туралы «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумова мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.

«2025 жылдың ақпанында коучтар мен тренерлер үшін сертификаттау жүйесі мен кәсіби стандарттарды енгізуді ұсынған болатынмын. Біз нарық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, әртүрлі пікірлерді тыңдадық және жақсы тәсіл әзірледік. Енді стандарт бар», — деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, кәсіби стандарт кімнің коуч болып жұмыс істеуге құқығы бар, қандай оқу мен тәжірибеден өтуге міндетті және кәсіби әрі этикалық жауапкершілік не үшін жүктелетінін айқындайды. Стандарт коучинг қызметінің тоғыз бағытын қамтиды:

  • бизнес-коуч;
  • мансаптық коуч;
  • лайф-коуч;
  • командалық коуч;
  • лидерлік бойынша коуч;
  • денсаулық және wellness коуч;
  • кәсіпкерлерге арналған коуч;
  • білім беру коучы;
  • спорттық дайындық коучы.

Бектенов «Коучинг қызметі» кәсіби стандарты Халықаралық коучинг федерациясымен (ICF Kazakhstan) бірлесіп әзірленгенін хабарлады. Енді коуч болып жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар осы ұйымның сертификатын алуға міндетті. Үкімет басшысының айтуынша, ICF мамандарды оқыту мен сертификаттар беруді өз мойнына алады.

Ұйымның сайтында көрсетілгендей, ICF сертификатын алу үшін аккредиттелген бағдарламада (Level 1/2/ACTP) оқудан өту, 100 сағаттан астам тәжірибе жинақтау, менторинг (10 сағат) алу және емтихан (тест + сессияларды бағалау) тапсыру қажет.

Сертификаты жоқ коучтарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі. Тиісті түзетулер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға енгізіледі. Сонымен қатар қызметтер туралы жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат беруге, сондай-ақ жалған жарнама таратуға тыйым салынады. Тұтынушылардың құқықтары жаппай бұзылған немесе залал келтірілген жағдайда, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сараланады. аталған бапқа сәйкес, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button