Жаңалықтар

Спорт кешенінің құрылысы қайта жалғасады-Үлкен Нарын

Үлкен Нарын ауылындағы құрылысы созылып кеткен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы қайта жалғасады.

Нысанды бұған дейін «QazConstructions» компаниясы салған. Алайда мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, өткен жылы онымен жасалған келісімшарт бұзылған. Компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір оны құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

Енді спорт кешенінің құрылысын басқа компания жалғастырады. Нысанды аяқтау мәселесі кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттемелері аясында шешілмек.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов кешенді аралау кезінде ғимарат ішінде сауна салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бассейнде жаттығатын балаларға жаттығудан кейін жылынып, демалуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа кешенді жанындағы спорт нысанымен біріктіріп, біртұтас спорттық кластер құру ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button