Жаңалықтар

Жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын-Өскемен

Сәтбаев даңғылы бойында салынып жатқан екі деңгейлі жаңа жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын.

Қазір жол өткелдерінің барлық тіректері орнатылды. Негізгі арқалықтардың көп бөлігі қойылды. Енді тағы 32 арқалық орнатылуы керек.

Жол айрығының төменгі бөлігінде бес бағытқа шығатын көлік шеңбері болады. Ол арқылы Жібек Жолы және Базовая көшелеріне шығуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар Сәтбаев даңғылы мен Жібек маталар комбинаты(КШТ) жағынан жол айрығына апаратын жолдар салынады. Есенберлин даңғылы тарапындағы жолдың дайындығы қазір шамамен 80 пайызға жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button