Жаңалықтар

Тұмауға қарсы екпе салу қашан басталады?

Ертең өңірде тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталады.

Облысқа жергілікті бюджет есебінен 75 мың доза вакцина жеткізіледі деп жоспарланған.

Тұмауға қарсы екпені жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, балалар, созылмалы ауруы бар адамдар және 60 жастан асқан азаматтар тегін ала алады. Ол үшін тіркелген емханаға жүгіну қажет.

Ал бұл санатқа кірмейтін тұрғындар үшін вакцина ақылы.
Мамандар тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі вакцинация екенін айтады. Сонымен қатар, қолды жиі жуып, бөлмені желдетіп, адам көп шоғырланған жерлерде маска тағуға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button