Жаңалықтар
Бұқтырмада жаңа демалыс орны салынады

Самар ауданындағы Бұқтырма жағалауында жаңа арбат салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен кездесу кезінде мәлімдеді.
Жаңа демалыс орны Сарыбел ауылы маңында орналасады. Мұнда тұрғындар мен қонақтарға арналған абаттандырылған жаяу жүргіншілер аймағы жасалады.
Жоспар бойынша жаяу жүргіншілер аумағы елді мекенді жағалаудан бөліп тұрады. Жаңа нысан тұрғындардың демалып, серуендеуіне қолайлы орын болмақ.



