Басты жаңалықЖаңалықтар

«Алтай Өскемен» футбол клубы «Ұлытаудан» басым түсті

Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Алтай Өскемен» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытау» командасымен кездесті. Матч қорытындысында шығысқазақстандық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы таймы голсыз аяқталғанымен, екінші таймда «Алтай Өскемен» футболшылары қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. 58-минутта Дарко Додев есеп ашты. Араға 14 минут салып, Сейф Попов есепті 2:0-ге жеткізді.

Ойынның 88-минутында Сейф Попов тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 0:3.

Осы жеңістің нәтижесінде «Алтай Өскемен» өз қоржынына маңызды үш ұпай қосып, турнирлік кестеде 11-орынға көтерілді.

Енді шығысқазақстандық команда келесі ойынды 18 қыркүйекте өз алаңында павлодарлық «Ертіс» футбол клубына қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button