Жаңалықтар

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталды?

Катонқарағай ауданында салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысы 76%-ға жуық орындалды. Құрылыс алаңында қазір 350 адам және 158 техника жұмыс істеп жатыр.

Әуежайдың ұшу-қону жолағы, перроны мен рульдеу жолы дайын. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жол мен блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталған.

Қазір жұмыс аэровокзал ғимараты, диспетчерлік мұнара, қызметтік нысандар мен инженерлік желілерде жалғасып жатыр.

Жоба аяқталғаннан кейін әуежай Катонқарағайға туристердің келуін жеңілдетіп, ауданның туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мердігерге жұмыстарды белгіленген кесте бойынша жүргізіп, сапаға мән беру тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button