Басты жаңалықЖаңалықтар

Президент:Мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттардың алдын алу бойынша Үкіметке нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

«Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда.

Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек.Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді.

Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет.

Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек.

Көктем де келіп қалды. Үкімет әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс».

Басқа жаңалықтар

Back to top button