Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да Президент берген тапсырмаларды іске асыру жоспары талқыланды

Кеше облыс әкімінің қатысуымен облыс активтерінің отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айқындаған негізгі міндеттер қаралды.

Шығыс Қазақстан облысы жылды оң көрсеткіштермен қорытындылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838,1 млрд теңгені (105,2%) құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 458,8 млрд теңге (109,3%), ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 554,6 млрд теңге (102%). 29 мың жаңа жұмыс орны құрылып, орташа айлық жалақы 9,5 пайызға өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан аспайды.

Сонымен қатар инфляцияны тежеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. 1 ақпандағы жағдай бойынша өңірде инфляция деңгейі 12 пайызды құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен (12,2%) төмен.

Облыстық бюджеттің 60 пайыздан астамы әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге бағытталған. 1 мамырға дейін шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізіледі.

Одан бөлек,өңірде жалпы құны 12,4 млрд теңгені құрайтын 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік(МЖӘ) жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 10 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту арқылы тағы 7 жобаны іске қосу жоспарланған.

«Әр тапсырма қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс. Сіздерден нақты нәтиже, тәртіп және жеке жауапкершілік талап етіледі», – деп атап өтті облыс әкімі.

Президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі облыстық жоспар 25 ақпанға дейін әзірленіп, бекітуге ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button