Өскеменнің Бас жоспарына түзетулер енгізіле ме?

Өскеменнің 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Қаланың жаңа Бас жоспары 2021 жылғы 12 қарашада Үкіметтің қаулысымен бекітілген болатын. Алайда уақыт өте келе бірқатар себептерге байланысты құжатты қайта қарау қажеттілігі туындады.
Негізгі өзгерістерге Абай ауданының құрылуына байланысты облыстың әкімшілік шекараларының өзгеруі әсер еткен. Сонымен қатар кейбір жер учаскелерінің мақсаты қайта қаралып, тұрғын үй кешендері мен қоғамдық ғимараттардың салынуына сәйкес көшелердің параметрлері нақтыланған.
Жаңартылған жобаны «ГРАДО» ЖШС әзірледі. Мамандардың айтуынша, қаланың жобалық шекарасын қысқарту көзделіп отыр. Бұл өзгерістер Ертіс өзенінің солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі даму бағыттарына қатысты болады.
Атап айтқанда, солтүстік-батыс бөлікте әуе көлігі қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптар ескерілсе, ал оңтүстік-батыс аймақта бұрын сібір жарасы көмілген аумақтар назарға алынған.



