Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскемен екі ауданға бөлінуі мүмкін

Өскемен болашақта екі ауданға бөлінуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов халықпен өткен есептік кездесуде айтты.
Әкімнің сөзінше, қазір қалада 400 мыңнан астам адам тұрады. Бірақ ресми тіркеуде 380 мың тұрғын ғана көрсетілген. Себебі кейбір тұрғындар қалада тұрса да, тіркеуге отырмаған. Бұл құбылыс «субурбанизация» деп аталады.
Қаланы екі ауданға бөлу үшін ресми халық саны 400 мыңнан асуы керек. Егер бұл көрсеткішке жетсе, Өскеменді сол жағалау және оң жағалау болып екі ауданға бөлу ұсынылады.
-Қазіргі таңда ұзындығы 80 шақырымға созылған қаланы әкім және оның үш орынбасары басқарады. Бұл басқару жұмысын қиындатады. Сондықтан алдағы уақытта нақты халық санын анықтау жұмыстары жүргізіледі,-деді қала әкімі Алмат Ақышов.



