Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-дағы 165 елді мекенде бас жоспар жоқ

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдегі елді мекендердің бас жоспармен қамтылуы мәселесі қаралды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың айтуынша, облыста барлығы 357 елді мекен бар. Соның 186-сында ғана бас жоспар әзірленген. Ал 165 елді мекенде мұндай құжат әлі жоқ.
Айта кетейік, өткен жылы Өскеменнің бас жоспарына түзету енгізілген. Сондай-ақ, бас жоспарлар тек ауылдар мен қалаларға ғана емес, туристік аймақтарды дамыту үшін де қажет екені атап өтілді.



