Басты жаңалықЖаңалықтар

Дубайдағы қазақстандықтар елге қайта алмай отыр

Иран тарапынан Біріккен Араб Әмірліктері аумағына жасалған соққылардан кейін аймақтағы жағдай күрделене түсті. Әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты бірқатар рейстер кейінге шегеріліп, Дубайда жүрген қазақстандықтар елге қайта алмай отыр.

Әлеуметтік желілерде Дубайдың әр ауданынан жарылыс дауыстары естілгені туралы жазбалар тарады. Тұрғындардың айтуынша, кейбір ғимараттар дірілдеп, терезе-есіктер шайқалған. Кей куәгерлер әуеде зымыран іздері байқалғанын хабарлаған.

28 ақпанда елге оралуы тиіс болған қазақстандық турист Айгүлдің айтуынша, дәл сол күні рейстер тоқтатылған. Жолаушылар әуежайда күткен. Кейін оларды әуе компаниясы қонақүйге орналастырған. Қазіргі жоспар бойынша, ұшу 3 наурызға белгіленген.

Жолаушылар арасында алаңдаушылық бар. Дегенмен, көпшілігі жағдай жақсарады деп үміттенеді.

Айта кетейік, әнші Жазира Байырбек те әлеуметтік желіде Дубайдағы жарылыстар туралы бейнежазба жариялаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button