Басты жаңалықЖаңалықтар
Референдум учаскесіне есімі ерекше тұрғын келді — ШҚО

Самар ауданының №836 дауыс беру учаскесіне ерекше есімді тұрғын — Сайла келді.
Ең қызығы, бұл есімді ата-анасы 1959 жылғы 1 наурызда өткен сайлау құрметіне орай қойған.
— Бүгін мен көпшілікпен бірге өз таңдауымды жасауға келдім. Өйткені дәл бүгін айтулы күн. Дауыс берушілер өте белсенді. Ата Заңның жаңа жобасының қабылдануы еліміздің болашағына даңғыл жол ашады деп сенемін, — дейді Сайла Белдеубаева.



