Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде әскери ұшқыш референдумға парапланмен ұшып келді

Өскемен тұрғыны, әскери авиация ардагері Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, өз таңдауын жасады.
Аспанда ұшып жүргенде қандай жауапкершілік сезілсе, елдің ертеңі үшін дауыс беру де дәл сондай маңызды, дейді тәжірибелі ұшқыш. Сол себепті ол өзіне тиесілі учаскенің маңындағы ашық алаңға парапланмен келіп қонып, бірден дауыс беруге бет алды.
Өмір бойы мемлекетке қызмет еттім. Қазір 63 жаста болсам да, елдегі маңызды саяси науқандардан тыс қалған емеспін. Бүгінгі таңдау – тек менің емес, бүкіл Қазақстанның болашағына қатысты, – деді Николай Петинцев.



