Басты жаңалықЖаңалықтар
Тарбағатайда мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

«Жақсылық жасап жарысайық!» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 35 тонна көмір жеткізіліп, 20 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.
—Бұл көмек бірқатар отбасының тұрмыстық жағдайын жеңілдетті. Игі іске ұйытқы болған азаматтар қоғамдағы жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Осындай бастамалар ел ішіндегі бірлік пен мейірімді арттырып, өзгелерге де үлгі болары сөзсіз, — деп хабарлады Тарбағатай ауданының әкімдігінен.



