Басты жаңалықЖаңалықтар

Жақсылық Омар: 6 миллион теңге пара алдым

Бүгін Өскеменде облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот отырысы өтті. Сотта Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптар бойынша жауап берді.

– 2018 жылдың 20 тамызынан 2025 жылдың қараша айына дейін қала әкімі қызметін атқардым. Сосын облыс әкімінің кеңесшісі болдым. 2025 жылдың 7 сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кірістім. Өскемен әкімі болғанда қаланың дамуына, шағын және орта кәсіпті ілгерілету бойынша жаңа жобалар іске асыруға жауапты болдым, – деді Өскеменнің экс-әкімі.

Экс-әкімнің айтуынша,оның қарамағында бірнеше басқарма болған. Оған қаржы, экономика сияқты салаларды басқару кірді. Қорғаушы тарап Жақсылық Омардан азамат Б.-дан қандай көлемде ақша алғанын сұрады.

– Алты миллион теңге пара алдым. Бастапқыда 20 млн теңге беруі керек болған.Қалған ақшаны бөліп береді деп келіскенбіз, – деді Жақсылық Омар.

Облыс әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша өз кінәсін толық мойындады. Ол айыппұл түріндегі жазаға дайын екенін, тіпті қажетті қаражатты туыстары жинап қойғанын жеткізді.

Келесі сот отырысы жарыссөз ретінде наурыздың 26-сы күні сағат 15:00-де өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button