Жалғыз басты ата аналар жұмыстан шығарылмайды

Елімізде еңбекке қатысты жаңа өзгерістер қабылданды. Енді жұмыс берушілер адамдарды міндетті түрде ресми еңбек шартымен жұмысқа алуы керек. Яғни, бұрынғыдай жай азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істетуге болмайды.
Маңызды жаңалықтың бірі — жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынды. Егер адамның 14 жасқа дейінгі баласы болса, оны тіпті қысқарту кезінде де жұмыстан босата алмайды.
Өзгерістер еңбек дауларын реттеу тәртібіне де әсер етті. Енді келісім комиссияларының жұмысына тәуелсіз делдал тартылуы мүмкін, бұл тараптар арасындағы дауларды объективті қарауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік күшейтіледі. Ереуіл кезінде қауіпті нысандарда адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін жұмыс ең аз қажетті деңгейде жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ заң қызметкердің жазатайым оқиғадағы кінәсінің деңгейіне шектеу енгізеді — ол 25%-дан аспауы керек. Бұл норма жауапкершілікті жұмыс беруші мен қызметкер арасында әділ бөлуге бағытталған.



