БілімЖаңалықтар
Өскеменде балабақша ақысы қымбаттады

Облыс орталығында балабақша мен даму орталықтарының бағасы соңғы бір жылда 40%-ға өсіп, елдегі ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды. Қазір қалада мектепке дейінгі қызметтің орташа құны 35 700 теңгеге жеткен.
Жалпы еліміз бойынша мұндай қызметтердің орташа бағасы шамамен 30 000 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бір жылда 10%-ға артқан.
Басқа қалаларда баға өсімі төменірек: Семейде – 33,2%, Қонаевта – 24,1%, Петропавлда – 19,1%. Ал кей өңірлерде баға өзгермеген



