Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО тұрғындарының табысы артты

2025 жылдың соңғы тоқсанында өңір тұрғындарының табысы өскені байқалды. Орташа есеппен жан басына шаққандағы айлық табыс 282 775 теңгені құрады. Ал 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 252 637 теңге болған. Яғни бір жыл ішінде табыс шамамен 11,9 пайызға артқан.
Жалпы ел бойынша да өсім бар. Қазақстанда орташа айлық табыс 254 446 теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға көбейген.
Ең жоғары табыс ірі қалаларда тіркелді. Мысалы, Алматы қаласында орташа табыс 410 418 теңге болса, Астанада 371 303 теңгені құрады.
Өңірлер арасында табыстың ең көп өсуі Ақмола облысы мен Жетісу облысында байқалды.



