Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО әкімі театрға баруға шақырды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әріптестерін театрға жиі барып, жергілікті өнерпаздарға қолдау көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, өңірде жыл сайын 20-дан астам жаңа қойылым сахналанады және билет бағасы да қолжетімді.
Әкім өзі де демалыс күндері театрға баруға тырысатынын айтып, бұл уақытты тиімді өткізу әрі мәдени демалыс екенін атап өтті.
Жиын барысында басқа да маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Президент пен Премьер-министр тапсырмаларының орындалуы және Сәтбаев–Жібек жолы жолайрығының құрылысы талқыланды. Қаржыландыру мәселесіне байланысты әкім жұмысты жеделдетіп, барлық тапсырмаларды апта сайын бақылауда ұстауды тапсырды.



