Басты жаңалықЖаңалықтар

Зайсанда қоқыс полигонында заңбұзушылық анықталды

Зайсан қаласында экологтар әкімдік жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Экология департаментінің мамандары қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қарап шыққан.

Тексеру барысында полигонда жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылмағаны анықталған. Соның салдарынан экологиялық талаптар сақталмаған. Сондай-ақ полигон тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды.

—Әкімдік аппаратының жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңбұзушылықтарды жою туралы арнайы нұсқама берілді, – делінген ресми ақпаратта.

Басқа жаңалықтар

Back to top button