Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде 43 үйдің құрылысы аяқталуға жақын

22-ші шағын ауданында салынып жатқан 43 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, үйлер толық салынып біткен. Олардың аумағы 66-дан 94 шаршы метрге дейін. Әр үй электр қазандығымен жылытылады, ал су орталық жүйеден беріледі.

Сонымен қатар, тұрғын үйлер орналасқан аумақ қоршалған және әр үйдің жеке жер телімі бар.

Үйлердің сатылымы туралы ақпарат жақын арада жарияланады. Қосымша сұрақтар бойынша 740-462 немесе 8-706-686-12-58 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button