Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскемен қонақтары кемі бір күн қалада қалсын!

Облыс әкімі Өскеменге келген туристер кем дегенде бір күн қалада қалып, көрікті жерлерді аралауы керек деген пікір айтты.
— Өңірге келген қонақтар міндетті түрде Өскеменнің табиғатын, су электр станциясы сияқты нысандарын, сондай-ақ мұражайлар мен басқа да көрікті орындарды көруі тиіс,-деді аймақ басшысы.
Басты мақсат — туристерді тек өткізіп жіберу емес, оларды қалада көбірек ұстап, демалыс пен туризмге көбірек уақыт пен қаржы жұмсауына жағдай жасау.
Сонымен қатар, шетелден келетін туристер үшін әуе билеттерін арзандату жоспарланып отыр. Облыс басшысы мұны субсидиялау арқылы іске асыруға болатынын айтты.



