ДенсаулықЖаңалықтар

23 жаңа препарат: қандай дәрілер тегін беріледі?

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілер тізіміне өзгерістер енгізуді ұсынды.

Жаңартылған жобаға 16 ауру түрі бойынша 23 жаңа заманауи дәрі енгізілмек.

Атап айтқанда, енді:

* жүрек ауруы бар балаларға Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартан,
* ауыр бронх демікпесінде Омализумаб,
* ювенильді артритте Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб, Адалимумаб сияқты дәрілер қолданылуы мүмкін.

Министрлік бұл өзгеріс емдеу сапасын арттырып, науқастарға заманауи халықаралық стандарттарға сай ем алуға мүмкіндік беретінін айтады.

Сонымен қатар, тиімділігі төмен немесе қазіргі стандарттарға сай келмейтін кейбір дәрілер тізімнен алынуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button