Басты жаңалықЖаңалықтар
Батыр рухына тағзым:Өскеменде еске алу рәсімі өтті

Өскеменде Отан қорғаушылар күні Сағадат Нұрмағамбетов саябағында басталды. Қала тұрғындары, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастар Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты. Жиналғандар тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрінің ерлігі мен ел алдындағы еңбегін еске алды.



