Жаңалықтар

«Auyl Jastary»: цифрландыру мен ЖИ-дың жаңа мүмкіндіктері

Өскеменде 17 мамыр күні сағат 10:00-де «Auyl Jastary» «Цифрландыру және жасанды интеллект» атты өңірлік жастар форумы өтеді. Шара «Сырғалым» банкет залында (Цветочная көшесі, 17) ұйымдастырылады.

Форумның мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді қолдануға үйрету және жаңа IT бағыттарға қызығушылықты дамыту.

Шара барысында қатысушылар «Киберқауіпсіздік және кибергигиена», сондай-ақ «Жасанды интеллект саласындағы заманауи мамандықтар» тақырыптарымен танысады.Тәжірибелік бөлім арқылы жастар ЖИ құралдарын қолдану жолдарын меңгереді.

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен білімді дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және жастарға тең мүмкіндік беру жөніндегі Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button