Жаңалықтар

Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Тымық ауа райы мен желдің әлсіз болуы салдарынан ауадағы зиянды заттар таралмай, қала үстінде жиналуы мүмкін. Соның әсерінен ауаның сапасы төмендеп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай қалыптасуы ықтимал.

Осыған байланысты қала тұрғындарына, әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button