Басты жаңалықЖаңалықтар
Шыбындыкөлде аквапарк салынуы мүмкін

Ұлан ауданындағы туристер жиі баратын Шыбындыкөлде жаңа демалыс аймағын құру жоспарланды. Қазір көлге апаратын жол жөнделіп жатыр.
Жоба аясында жағажай, автотұрақ, серуендеу жолдары мен демалыс орындары салынбақ. Сонымен қатар, Шыбындыкөл жағасында аквапарк салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.



