Жаңалықтар

Катонқарағайда зейнеткерлерге арналған жаңа орталық ашылды

Катонқарағай ауылында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа филиалы ашылды.

Енді ауданның аға буын өкілдері бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен шұғылданып, шығармашылық үйірмелерге қатыса алады.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Данияр Дүйсенбаев мұндай орталықтардың зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстануына және қоғам өміріне араласуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шара барысында орталық қатысушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ардагерлер ән айтып, өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қазіргі таңда облыста белсенді ұзақ өмір сүру бағытында 175 нысан жұмыс істейді. Оларда 4 мыңға жуық зейнеткер шахмат, тоғызқұмалақ, скандинавиялық жүріс, хор және басқа да үйірмелерге қатысып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button