Жаңалықтар
Мас күйде мотоцикл айдаған жүргізуші ұсталды

Глубокое кентінде көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйде мотоцикл тізгіндеген ер адам ұсталды.
Полиция қызметкерлері «Racer RC 250» маркалы мотоциклді тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде 35 жастағы жүргізушінің 2022 жылы сот шешімімен 10 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Медициналық тексеріс оның масаң күйде болғанын көрсетті.
Қазір мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.



