Жаңалықтар

«Шыңды бағындыр!»:Өскеменде тауға шығу шарасы өтеді

13 маусым күні Өскемен қаласында «АУЫЛ» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан» тауына жаппай көтерілу шарасы өтеді.

Іс-шара таңғы сағат 07:00-де таудың етегінде басталады. Қатысушылар үшін арнайы сергіту жаттығуын дене белсенділігі мен жүгіру бойынша жаттықтырушы, run.oskemen жүгіру клубының негізін қалаушы Индира Оспанова өткізеді.

Бағдарлама аясында қала тұрғындары тауға бірге көтеріліп, табиғат аясында уақыт өткізіп, қаланың көркем көрінісін тамашалай алады. Ұйымдастырушылар қатысушыларды ыңғайлы аяқ киіммен келуге шақырады. Барлық қатысушылар ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Шараға қатысуға ниетті тұрғындар достары мен жақындарын ертіп келіп, белсенді өмір салтын насихаттауға үлес қоса алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button