Жаңалықтар

Өскемендіктерді жаздың ең жарқын фестивалі күтеді

19 маусым күні қала тұрғындары мен қонақтарын «OSKEMEN life» атты үлкен жазғы отбасылық фестиваль күтеді.

Шара Чехов, Максим Горький және Арбат көшелерінде, сондай-ақ Қасым Қайсенов саябағында өтеді. Фестиваль сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады.

Қонақтар үшін скутер жарысы, спорттық ойындар, би баттлдары, көше музыканттарының өнері, караоке, түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырылады. Сонымен қатар йога және зумба сабақтарына қатысып, кітаптар мен ойыншықтар алмасуға мүмкіндік бар.

Кештің көркін диджейлер шайқасы мен танымал әндерден құралған музыкалық бағдарлама аша түспек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль әр жастағы тұрғындарға арналған демалыс, шығармашылық және қызықты кездесулер алаңына айналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button